Top
a

ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ

         Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласы №2  Өнер мектебі дәстүрлі түрде өтетін «Театрдың ғажайып әлемі» атты қалалық театрландырылған балалар байқауын ұйымдастырды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде № 66  мектеп-лицей сахнасында өтті.

         Қазылар алқасының төрағасы болып Қазақ Ұлттық Өнер университеті және колледжінің «Актерлық шеберлігі және режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері Д. Бейсенбаев сайланды.

Қазылар алқасының құрамында М.Горький атындағы Мемлекеттік  академиялық  орыс драма театрының актеры С.Маштаков, Жастар театрының актрисасы, ҚР Тұңғыш Президент степендиясының иегері А.Рахипова, Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебінің директоры Г. Жангелді, Нұр-Сұлтан қаласы №2 өнер мектебінің директордың тәрбие  ісі жөніндегі А. Бияжанова болды.

Байқауға 174 оқушы өтінім беріп, 99 оқушы іріктеуден өтті. Жалпы саны  11  мектеп  қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен № 4 мектеп-гимназиясы I жүлде (жетекшісі Б.Ембергенов), № 3 мектеп- гимназиясы II жүлде (жетекшісі А.Жетписбекова), № 2 мектеп-гимназиясы ІІІ жүлде (жетекшісі Лаура Қасымғалиқызы), № 14 мектеп-гимназиясы ІІІ жүлдеге (жетекшісі И.Лисков) ие болды.                                

         Сондай-ақ, « Үміт » номинациясымен  — № 15 мектеп-лицейі ал,

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен № 52 мектеп-гимназиясы марапатталды.

Байқаудың қорытындысы бойынша  қазылар тарапынан шығармалар бала жасына сәйкес етіп таңдалса, киім үйлесімділігіне мән берілсе және сахналық сайыс әдістерін дұрыс қолданса деген сын-пікірлер айтылды.