Top
a

Декабрь 2019

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы №2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы балабақша мен мектептері арасында халықаралық «Дұрыс тамақтану мектебі» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың бас демеушісі – Nestle Food Kazakhstan компаниясы. Байқауға елорданың 20 балабақшасынан 50 бала, 45 мектептен 170 оқушы қатысты. Байқауға Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы А.Есематова, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының инновация бөлімінің басшысы Р.Шаяханова, Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінің директоры, Білім ұясы: «Үздік мұғалім-2006» байқауының Бас жүлдегері, Ы.Алтынсарин атындағы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» және «Адал

«Елорда жастары сыйлығы – 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды. Биылғы жыл Елбасының ұсынуымен «Жастар жылы» болып жарияланды. Бұл жоба елорданың әр сала бойынша үздік жас мамандарды анықтау үшін, шабыттандыру үшін ұйымдастырылған болатын. Яғни жыл бойы атқарылған жұмыстың қорытындысы десек те болады.  Мемлекетіміз жастарға түрлі мүмкіндіктер жасап отыр. Өзін өзі дамытамын деген жас буынға біздің елде әртүрлі бағдарламалар мен жобалар бар. Нұр-Сұлтан қаласы – болашақтың, жастардың қаласы. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға мыңнан астам өтініш түскен екен. Қазылар алқасы солардың үздіктерін анықтады. Ақтық сынға жолдама алған үміткерлерге халық ғаламтор арқылы дауыс берді. Сөйтіп, 49 адам 15 номинация бойынша іріктелді. Топтан озып

Елордамыз Нұр-Сұлтанда осымен жетінші рет «Қоғамдық құрмет «Адал тұлға-2019» ұлттық сыйлығының жүлдегерлері марапатталды. Жемқорлыққа қарсы күрес медиаорталығының ұйымдастырған жобада «Жас дарындардың жетістіктері»  номинациясын Кенжебекқызы Найрият жеңіп алды.  Марапатты ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.          Найрият – № 2 Өнер мектебінде «қобыз» сыныбында дәріс алады. Ұстазы Алтын Кенжеғұлова. Сондай-ақ, «Айналайын»  балалар хорының әншісі. Әрдайым үздік жетістігімен алда жүретін Найрият бұл сыйлыққа лайықты. Жастар жылына байланысты таңдалған бірнеше мектептердің ішінен бұл сыйлыққа 4 оқушы таңдалды. Бұл жеңіс №2 Өнер мектебінің ұстаздарының жеңісі.          Естеріңізге салып өтейік, былтыр «Қоғамдық құрмет «Адал тұлға-2018»  Ұлттық сыйлығын мектебіміздің директоры Жангелді Гүлмира Жангелдіқызы иеленген болатын.          Бұл