Top
a

СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы №2  өнер мектебінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы балабақша мен мектептері арасында халықаралық «Дұрыс тамақтану мектебі» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың бас демеушісі –  Nestle Food Kazakhstan компаниясы. 
Байқауға елорданың 20 балабақшасынан 50 бала, 45 мектептен 170 оқушы қатысты. 
Байқауға Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бөлім басшысы  А.Есематова, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының инновация бөлімінің басшысы Р.Шаяханова, Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінің директоры, Білім ұясы: «Үздік мұғалім-2006» байқауының Бас жүлдегері, Ы.Алтынсарин атындағы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» және «Адал тұлға» медальдерінің иегері Г.Жангелді, Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер Одағының мүшесі Қ.Жәйірбек, Нұр-Сұлтан №1 Өнер мектебінің  «Көркемөнер»  бөлімінің  мұғалімдері Т.Қожантаев, Т.Шакібайұлы, Р.Қуанов, Р.Шарипов, Р.Алимғазина төрелік етті.
Қазылар алқасының шешімімен № 87 балабақшаның бүлдіршіні Марлен Фариза Гран при иегері атанды. Жетекшісі Д.Намазбаева.

Балабақшалар арасында І орынды Әлкей Адия (№ 13 балабақша), жетекшісі: К.Каюмова,Г.Рахметова, Мальцева Маргарита (№ 30 балабақша, жетекшісі А. Темирова), Назымхан Мансур (№ 30 балабақша, жетекшісі А.Темирова), Ануарбек Аружан (№ 63 балабақша, жетекшісі Т.Ашикова), Жанболат Көркем (№87 балабақша, жетекшісі А.Аймуханова) иеленді.
Жүлделі ІІ орынға Айтқожа Ибраһим (№ 64 балабақшасы, жетекшісі Л.Андросенко ие болды.
Ал жүлдеді ІІІ орынға Бекжанова Малика, Наурызбаева Ұлпан (№ 13 балабақшасы, жетекшісі Л.Воропаева), Байбосынова Гульжихан (№ 87 балабақша, жетекшісі Н.Батарбекова, Бауыржан Еркежан, Адый Мәриям, (№ 89 балабақша, жетекшісі Ж.Тажитаева), Самат Мұстафа (№ 89 балабақша, жетекшісі М.Маханова), Карпсейт Адель (№ 32 балабақша) ие болды.
Ал, қала мектептерінің арасынан Гран При жүлдесін Токдемир Дениз (№ 1 мектеп-лицей, жетекшісі Г.Айдархан), Жумабекова Инкар (№ 31 мектеп-гимназия), Ержеңіс Аида (№ 37 мектеп), Мұстафя Назерке(№ 66 мектеп-лицей), Қ. Ясмин (№85 мектеп) иеленді.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша ерекше көзге түскен оқушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқау жас суретшілерді қанаттандырып, сурет әлеміне деген қызығушылығын арттырды.