Top
a

1-сынып. Композиция Сабақ № 2

1-сынып.  Композиция

Сабақ № 2

Тақырып: Қазақ ою-өрнектерінің түрлері.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз- әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақтар оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. 

Бейнебаян ою-өрнек түрлері: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14812003741625340887&from=tabbar&parent-reqid=1585336585902855-316511260500462328900288-production-app-host-sas-web-yp-132&text=ою+өрнек+түрлері

Үй жұмысы: Ою – өрнектен композиция құр.