Top
a

Кәсіби дайындық сыныбы. Актер шеберлігі. 4-тоқсан. Сабақ № 1

Тақырыбы:  «Егер де», «Ұсынылған тосын жағдай». Этюдпен жұмыс жасау   

Сахнада роль ойнау сәтінде қолма-қол жылауға, бірден күлуге, болмаса аяқ астынын ғашық  болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге, өзін-өзі қанша күштегенмен, шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайсың. Өйткені, ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға, оны бойыңнан күштеп шығаруға тырысасың. Сол себепті де актер сахна төрінде  сезім туралы ойламай, әркет етуі тиіс, яғни, сезімді емес әрекетті ойлауы керек. Сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді, осы қағидаға үлкен мән бер.

Артистік техника олар: сезім органдарының жұмысы, көкірек көзі кинолентасы арқылы көру, есте сақтау, «егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай», әрекеттердің қисыны мен сабақтастығы. Осы элементтерді меңгеру саған, ойдан шығарылған этюдтегі жәйттерге сенуге, алдыңа қойылған мақсатқа жету жолыңда, органикалық әрекеттер істей білуге үйретеді.

Актер шеберлігі элементтерінің басын қосып, этюдта қолдан.

Этюдпен жұмыс-сахнада  серіктеспен шынайы, қисынды қарым-қатынаста  болуға, оқиғаны бағалауға, қиял көзін кеңейтуге үйретеді.

Этюд жасау барысында актер  шеберлігінің  заңдылықтары  мен  техникасын  меңгеріп, ақыл-ойың, іс-әрекетің, сезімің, толғаныстарың, қуаныш-күлкісің, шынайы сақтап, сөз  құдіретін  түсініп,  сахналық – іс -әрекетті  жетік  меңгеруі,  керек. Өз атыныңнан  әрекет  ете  отырып,  өз  бойындағы  дүние  танымың, білімің,  сезімің  мен  парасатыңды жұмылдыра  отырып  бас – аяғы  бар,  белгілі  бір  сахналық  заңдылыққа  бағындырылып  іріктелген, оқиғалар мен тартыстар  тізбегінен  құрылған «Егерде»  мен  осындай  жағдайға  түссем,  не  істер  едім» деген қағида бойынша  іс-әрекеттерге  құрылған этюдттер дайында. 

Тапсырма:

  1. Жансыз затқа жан бітір, оларды жандандыру. Шаңсорғыш, кір жууғыш машина
  2. Кедергілерді қатыстыра отырып этюд жаса. Үңгірге түсіп кеттің немесе өте қауіпті аспалы көпірден өттің