Білім беру саласы қызметкерлерінің VII Съезі ӨТТІ
Бүгін Назарбаев университетінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII Съезі және халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалі өтті.
Фестивальге қосымша білім беру мектептерінің мұғалімдерінен құралған хор ұжымы және «Айналайын» балалар хоры өнер көрсетіп, Қ.Едресовтың сөзі мен әніне жазылған «Ұстаздардың ұстазы — Ыбырай ата!» әнін шырқады.