Top
a

1-сынып. Сахна қозғалысы. Сабақ №3

Тақырыбы: Балалар әнін қолдана отырып, кординациялық жаттығулар жасау

Кординациялық жаттығу- белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Спектакль кезіндегі әр түрлі билер және сахналық төбелестерді орындау кезінде кординациялық жаттығулардың көмегі өте зор.

Кординациялық жаттығуларды 3 ке бөлеміз:

  1. Екі қолды әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.
  2. Екі аяқты әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.
  3. Барлық денені қолдану.

Осы жаттығуларды балалар әндерінің ритміне сала отырып, кординациялық жаттығулар жасаймыз. Уақыт өте келе жаттығулармыз күрделене түседі. Яғни, күрделі ритмдегі музыкаларға, күрделі ритмикалық кординациялық жаттығуларға ауысады.

Ескерту: алғашқы кординациялық жаттығуларды дұрыс меңгермесе, кейінгі күрделі жаттығуларды үйрену кезінде қиындық туғызады.

Тапсырма: балаларға арналған baibi chark әнін жаттау арқылы жаттығуларды қосу.