Top
a

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 7

Сабақ № 7

Тақырып:  Ри минор тональдігі

 Ре минор тональдігінің ережесі:

1.Ре минор – минор сазына жатады.

2.Ре минордың тоникасы – ре.

3.Ре минордың кілттік белгісі – си бемоль.

4.Ре минордың тұрақты дыбыстары: ре, фа, ля

тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си бемоль, до.

5.Ре минор – фа мажорға параллель.

      Ри минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді.

Ре минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до, ре.

Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.

Ре минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до#, ре.

Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.

Ми минордың әуендітүрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бекар, до#, ре.

Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре.

Үйге тапсырма:

  1. Ре минор тональдігінің ережесін жаттау.
  2. Ре минор гаммасын әндетіп айту. (үш түрі)
  3. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.