Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып Сабақ №2

Қазақ музыка әдебиеті, 5 сынып  

Сабақ № 2

Тақырыбы: Е.Рахмадиевтің  өмірі мен шығармашылығы. «Алпамыс» операсы


Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы, бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың маусым айында концерттік ансамбльмен Нұрғиса Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Константин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, П.И.Чайковский атындағы училищеге дарынды жасөспірімдерді таңдап алу мақсаты да бар еді. Жоғары сыныптардың оқушыларын тыңдап, сынаған комиссия мүшелері олардың ішінен  Еркеғалимен қоса есептегенде төртеуін таңдап алды. Еркеғали 1948 жылдың күзінде домбыра класы бойынша музыкалық училищенің оқушысы болып қабылданды. Училищені ойдағыдай тәмамдаған Еркеғали1952 жылдың жазында емтихандарды жақсы тапсырып, консерватория студенті атанды. Ол қабылдау сынында қобызға арналған «Трио» пьесасын және «Жасыл орман» әнін орындады. Енді Еркеғали Л. Хамидидің ұсынысымен профессор Евгений Брусиловскийдің класында өнерін жетілдіруге кірісті. 1957 жылы ЕркеғалиРахмадиев өзінің дипломдық жұмысы ретінде Мемлекеттік емтихан комиссиясының алдына «Қамар сұлу» операсының бірінші бөлімін ұсынды. Оның ұстазы Е. Брусиловский келешек Қазақстанның көрнекті композиторы болатындығын таныған-ды.

1962 жылы Мәскеуде жас композиторлар конкурсында  ЕркеғалиРахмадиевтің «Балқаштағы кеш» атты хорға арналған поэмасы бірінші дәрежедегі дипломмен бағаланды.

«Қамар сұлу» операсының 1963 жылдың 15-сәуірінде Абай атындағы ҚМАОБ театрында қойылуы үлкен шығармашылық шабытқа жетеледі.1970 жылы композитор ЕркеғалиРахмадиев оркестрдің қолдауымен трубада орындалатын «Скерцоны» вокалдық-хореографиялық «Қызыл киіз үй» композициясын, М. Әуезовке арналған лирикалық поэма-реквиемін, «Аястан» атты кантатасын және драмалық қойылымдарға арналған «Қабаған ит», «Әке тағдыры», «Сұхбаттасу» музыкаларын жарыққа шығарды. 1972 жылы опера «Алпамыс»тәмамдалды, оған ілесе шығарылған симфониялық күй «Дайрабай» композитор ЕркеғалиРахмадиевке үлкен жетістік әкелді.

Опера Қаукен Кенжетаевтың либреттосына жазылған және қазақтың ұлттық эпосының батыры — Алпамысқа арналған. «Алпамыс» операсы — қазақ халқының қаһармандығын көрсететін терең мазмұнды, көркем және тарихи шындықты қамтитын ауқымды шығарма. Операның бас кейіпкері Алпамыс — ұлт қорғаны, жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелткен хас батыр. Оның қалыңдығы Гүлбаршынның да образы керемет. Оған даналық, сұлулық, адалдық деген қасиеттер тән. Әлбетте шығарманың ең қызықты тармағы қазақ халқының тарихи өмірінің сипатын беретіндігі.


Тыңдалым:  htфониялықtps://www.youtube.com/watch?v=m6RR07HHy7I

Дайрабай-симфониялық күй https://www.youtube.com/watch?v=IWa5T_luBhM

Концерттік скерцо-https://www.youtube.com/watch?v=Qe1Vay4s-bw

А.Желтыргөзов «Балалық шақ» https://www.youtube.com/watch?v=qWhWT6lAfD0
К.Күмісбеков «Концерттік вальс» https://www.youtube.com/watch?v=C5f1_nJytOM

К.Күмісбеков «Өмір жолы» https://www.youtube.com/watch?v=3oL2D0-nPdE

Үй тапсырмасы:Тыңдалым.