Top
a

1 – сынып. Кескіндеме Сабақ № 6

1 – сынып.  Кескіндеме

Сабақ № 6

Тақырып: Хроматикалық түс

Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл,сары, қызыл-сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал, суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Спектр – жеті түстен тұратын толқынның ұзындығына сәйкес орналасқан шкала. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ, түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7 түрлі түсі бар: қызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30-шақты шамасында болады. Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстер деп атайды.

Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстес түстердің  хроматикалық («түстік») шкаласы деп аталады. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды.

Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен — түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң — бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстердеп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі,  ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады.

Түстік шеңбер – бір-біріне біркелкі өтетін спектр түстері.

Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі.

Үй жұмысы: Екі затты натюрморт сал.