Top
a

Даярлық сыныбы. Қолөнері пәні Сабақ №7

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні

Сабақ №7

Тақырып: Жұмсақ ойыншық

Қазақ балалары қандай ойыншықпен ойнады?

Бұрынғының балалары қуыршақты өздері жасап алатын, ойыншықпен ойнаған баланың зейіні артатыны дәлелденген. Ресейдегі Кунсткамера музейінде біздің ата-әжелеріміз ойнаған сан түрлі ойыншықтар сақталған. Соның бір қатарымен таныстырып өтсек. Мәселен, мына суреттегі қолдан жасалған қуыршақ қыз (үстіңгі екі сурет) музейге XX ғасырдың басында Ақмола облысынан жетзіліліпті. Негізі ағаштан, киімдері матадан жасалған. Ең ғажабы, қуыршақтың бет-жүзі көрсетілмепті. Керісінше қуыршақтың басына орамал таққан. Ұзын етек, кең көйлек кигізген. Осыған қарап-ақ біздің ата-бабаларымыздың балаға нағыз мұсылманша тәрбие бергенін байқауға болады.

Ол кезде қуыршақтардың «жиһаздары» да болған екен. Оның дәлелі – мына суреттегі ойыншық кілемше мен жастықша (астыңғы екі сурет).

Осы кереует пен жастықшаға балалар қуыршақтарын отырғызып-жатқызған екен. Кереует пен жастықшаның тысын да қолдан тігіп, жиі ауыстырып отырыпты. Бұрынғы қазақ балалары сондай-ақ түрлі жиһазшалар, кілемшешелер, төсек орындары, ыдыс-аяқтар секілді ойыншықтармен ойнапты. Кейде ойыншықтарды жасауға жасы үлкенірек аға-апалары да көмектескен. Кейбірін ата-әжелері жасап берген. Осылайша, үлкендер ойыншықтар арқылы баланы жастайынан дұрыс тәрбиеге, танымын кеңейтуге баулыған.

Бейнебаян: https://youtu.be/9jKmk8_2PSg

  Үй тапсырмасы:  түрлі түсті шұлықтардан ойыншықтарды жасап үйрену.