Top
a

6-сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 6-Сабақ

6-сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша

6 -Сабақ

 Tоur lent en dehors және en dedans  зал ортасында

 — a la seconde (әр жарты бұрылысты   алғашқы үйрену)

Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау

1-ге 2-ге- preparatoin, қолдар 1- қалыпқа көтеріледі

1-ге 2-ге- оң аяқта plie жасаған сәтте, сол аяқ passe көтеріледі,  қолдар қалпын сақтайды,  қолдар 2-қалыпқа ашылады

3-ке 4-ке- оң аяқ plieден жарты башпайға тұрады,  сол сәтте сол аяқтты  қатты сермеп жанға 2- қалыпқа 90* ашылады

1-ге 2-ге- күтеміз (пауза)

3-ке 4-ке- сол аяқ Vқалып жарты башпайға келеді,  аяқтар plieге отырып, жаттығу аяқталады, қолдар дайындық  қалпына келеді.

Жаттығу зал ортасында оң аяқтан  және сол аяқтан орындалады. Жаттығу өте күрделі, бүкіл дене салмағын бір аяқтың жарты башпайына тұрғызу оңай емес, сондықтан да абай   болыңыздар. 

Қимылды орындау барысында тізелердің қатты тартылуына мән беру керек, аяқтың  қалпын міндетті түрде сақтау керек.

Үй тапсырмасы: жаттығуды қайталау, жаттығуды  өз түсінігі бойынша дәптерге жазу