Top
a

МҰҚАҒАЛИ

ПРЕМЬЕРА!!!

         Құрметті өнер сүйер қауым! Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінің «Өнерлі өрендер» балалар театры қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын арқау етіп «МҰҚАҒАЛИ» атты фантазия-факт қойылымын ұсынады.

         Мұқағали — қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың алып ақыны. Қойылымға ақынның рухы биік жырлары мен ары таза, жаны мөлдір жанның естеліктері, хаттары, мақалалары мен күнделіктері арқау болады.

Өтетін күні:13 ақпан

Басталуы:17:30

Қоюшы режиссері:Қабыл Ұлан

Көркемдік жетекшісі:Каленова Асылзат

Мекен-жайы:Достық 13, Нұрсая-2