Top
a

Май 2022

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен №2  Өнер мектебінің ұйымдастыруымен, «Арт-Тұмар» сәндік қолданбалы өнер орталығында    қалалық «Қуыршақтар әлемі»  байқауы өтті. Байқауға Нұр-Сұлтан қаласынан - 90 мектеп қатысып, 280 оқушылардың жұмыстары қаралды. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары келесі жүлделі       орындарға  ие болды: «Қазақ ертегілері мен мультфильмдерінің кейіпкерлері» номинациясы бойынша, Кіші топ: Бас жүлде – № 27 мл, Досжанова Зарема, жетекшісі: Дружок А. І орын – № 74 мг, Талғатқызы Әдия, жетекшісі: Кукенова К. ІІ орын – «№47 балабақша бастауыш мектеп гимназия», Лукьянчинкова Полина, Лукьянчинкова Валерия, жетекшісі: Казбекова Н. ІІ орын -№28

11 наурыз күні “Арт-Тұмар” сәндік қолданбалы өнер орталығында қалалық «Қуыршақтар әлемі» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың 90 мектебі қатысып, 280 оқушының жұмыстары қаралды. Қазылар алқасында ҚҰӨУ аға оқытушысы, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі - Самарканова Фарида Самигуллиевна, ҚҰӨУ аға оқытушысы - Серікбаева Перизат Шотыбайқызы, №2 Өнер мектебінің директоры - Гүлмира Жангелдіқызы барлық жұмыстарды қарап, өз бағаларын берді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Бүгін мектебімізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай «Ұлы жеңіс - ұрпаққа аманат»  тақырынба тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты оқушылардың атамекен, туған жерді қорғай білу, отансүйгіштік сезімдерін ояту, патриотизмді қалыптастыруға арналды. Іс-шарада театр бөлімінің оқушылары театрландырылған қойылым қойып, музыка бөлімі оқушылары  ән-күйлерін арнап, өз өнерлерін көрсетті. Өткізген: М.Тастенова, Ж. Тәңірберген,А. Жарденбекқызы.

Нұр - Сұлтан қаласында өткен «Дала әуендері»  республикалық байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын- Алатау домбырашылар ансамблі; Жеке орындауда: Бас жүлде- Темірхан Дінмухаммед І орын- Мейрамғазы Мансұр І орын- Нұркелді Рамазан І орын -Әбілбек Бейбарыс ІІІ орын- Есенғали Иманғали ІІІ орын - Асхатқызы Айару  Жетекші: Ж. Ахметова. Құттықтаймыз!!!

Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық байқауға мектебіміздің домбыра сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын- Касымханова Дильназ; І орын-Хаймулдина Альнура; І орын-Кеңес Мадияр; І орын-Темірхан Әлім; ІІІ орын-Махамбет Шыңғыс. Жетекші: Б.Ишанкулов. Құттықтаймыз!

2 мамыр күні Нұр - Сұлтан қаласында өткен Халықаралық «Бала шабыты» байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Смагулов Эмир қатысып, жүлделі І орын алды. Жетекші: Н.Айжарыков. Құттықтаймыз!

2 мамыр күні Нұр - Сұлтан қаласында өткен Халықаралық «Бала шабыты» байқауына мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Смагулов Эмир қатысып, жүлделі І орын алды. Жетекші: Н.Айжарыков. Құттықтаймыз!

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, Нұр-Сұлтан қалалық Есіл аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, тұрғындармен қонақтарға мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары мен ұстаздары өз өнерлерін көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері биленді.