Top
a

Март 2020

Құрметті оқушылар! №2 Өнер мектебі жаңылтпаш айтудан қалалық челлендж басталғанын жариялайды. Келген жұмыстарды театр және кино мамандары қарап, сарапқа салады. Челлендж  мақсаты: Оқушыларды ана тілінде анық сөйлеуге баулу. Таза дикция, дұрыс дем алу, ойды анық жеткізу. Төл әріптерімізді дұрыс айту – басты міндеттеріңіздің бірі. Жаңылтпашты видеоға түсіріп, инстаграм желісіндегі @onermektebi2  және фейсбук парақшаларын белгілеңіздер! Сондай-ақ, #жаңылтпашчеллендж2өнермектебі хештегін міндетті түрде белгілеңіздер!!! Өту мерзімі:2020 жылдың 6 сәуір мен 30 сәуір аралығы. Баршаңызға сәттілік тілейміз! @bilimastana @rumcdo_official #монрк #ШерРаиса #rumcdomonrk #нұрсұлтанқаласыбілімбасқармасы

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі "Ертегілер әлеміне саяхат" атты интернет байқауын жариялайды. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі Байқаудың мақсаты: Ертегі оқу арқылы баланың отбасымен қарым-қатынасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Өту тәртібі Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 25 сәуір аралығында Қорытындылау: 2020 жылдың 28 сәуір  Байқауға жалпы мектептердің 6-18  жас аралығындағы оқушылар қатыса алады: Кіші топ 6-9 жас; Орта топ 10-13 жас; Үлкен топ 14-18 жас. Оқушыларға қойылатын талаптар: Оқушы өзіне ұнаған кез-келген ертегіні отбасының бір мүшесімен оқып суреттеп, ішіндегі образдарын ашып көрерменге жеткізу керек. Орындау уақыты 3 минуттан аспау керек. Бағалануы: Орындау шеберлігі;Актерлік шеберлігі;Тіл тазалығы, көркем сөйлеуі;Сөз