Top
a

«Ертегілер әлеміне саяхат» атты интернет байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі «Ертегілер әлеміне саяхат» атты интернет байқауын жариялайды.

Ұйымдастырушылар:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы

Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі

Байқаудың мақсаты: Ертегі оқу арқылы баланың отбасымен қарым-қатынасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өту тәртібі

Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 25 сәуір аралығында

Қорытындылау: 2020 жылдың 28 сәуір 

Байқауға жалпы мектептердің 6-18  жас аралығындағы оқушылар қатыса алады:

Кіші топ 6-9 жас;

Орта топ 10-13 жас;

Үлкен топ 14-18 жас.

Оқушыларға қойылатын талаптар: Оқушы өзіне ұнаған кез-келген ертегіні отбасының бір мүшесімен оқып суреттеп, ішіндегі образдарын ашып көрерменге жеткізу керек.

Орындау уақыты 3 минуттан аспау керек.

Бағалануы:

  • Орындау шеберлігі;
  • Актерлік шеберлігі;
  • Тіл тазалығы, көркем сөйлеуі;
  • Сөз астарын аша білуі;
  • Образды аша білуі;
  • Кейіпкерлердің мінезін жеткізу шеберліктері.

Байқауға қатысушылардың электронды өтініштері мен бейне жазбалары

2020 жылдың 25 сәуіріне дейін oner_mektebi_2@mail.ru почтасына қабылданады;