Top
a

1-сынып. Сахна қозғалысы. Сабақ № 2

Тақырыбы: Әр түрлі реквизиттер қолдана отырып ритммен жұмыс

Реквизит дегеніміз— актердің спектакль кезіндегі әрбір қолданыстағы заты (қалам,чабадан, пышақ,доп, қамшы). Реквизит актер жасаған образдың көмекшісі деп айтуға болады. Қарапайым ағаш арқылы актер өзінің ақсақ екенін немесе соқыр екенін білдіре алады. Осыдан біз актер үшін реквизиттің өте маңызды екенін байқаймыз.

Осы сабақта біз кішкентай доптарды пайдалана отырып, әр түрлі музыка ырғағында жонглирование жасауды үйренеміз.

Қолданылатын музыкамыз үш түрлі жылдамдықта болу қажет. Мысалы: вальс, полька, лезгинка.

Жонглирование- цирк өнерінің бір түрі. Біз оны әр түрлі ритмдағы музыкада жасау арқылы ішкі пульсациямызды дамытамыз. Жан дүниемізбен сезіне отырып жасайтын болсақ, көзімізді таңып жасайтын дәрежеге жеткіземіз.

Тапсырма: допқа ұқсас зат тауып жонглирование жасап үйрен, бейнебаянға түсіріп жібер.