Top
a

1 – сынып. Кескіндеме Сабақ № 5

1 – сынып.  Кескіндеме

Сабақ № 5

Тақырып: Ахроматикалық түс және кеңістік ортасы.

Түс – композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар хроматикалық және ахроматикалық түстер.

Ахроматикалық түстерге түссіз ақ, қара, сұр жатады.

Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша — ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді.

Ахроматикалық түсте салынған натюрморт.

Үй жұмысы: Бір түспен салынған натюрморт этюдын сал.