Top
a

Шәкірттеріміз қылқалам шебері Мүсәпір Жанұзақтың шығармашылығымен танысты

23 желтоқсан күні мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің оқушыларымен суретші-кескіндемеші, режиссер-тележурналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының Вице-президенті, ҚР суретшілер одағының және Еуразиялық көркемсурет одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, профессор-педагог — Мүсәпір Жанұзақпен  кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Мүсәпір Жанұзақтың өмірі, шығармашылығымен және қылқаламынан туған шығармаларымен жақынырақ танысу. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Оқушылар кездесу барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қонағымыз сурет салудағы шеберліктерімен бөлісті.