Top
a

Декабрь 2022

Бүгін мектебімізде «Ғажайып Жаңа жыл» Жаңа жылдық мерекелік іс-шарасы өтті. Кеште мектеп директоры Гульмира Жангельды құттықтау сөз сөйлеп,оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады. Театр бөлімінің оқушылары қойылым көрсетіп, мерекені жандандырды.

Бүгін  Астана қаласындағы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында көп балалы, аз қамтылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға мектебіміздің өнерлі оқушылары Ерболат Айерке, Сарсенова Айша және мектебіміздің мұғалімі Закарянова Даяна қатысып,  өнерлерлерін көрсетіп,  қолдауларын көрсетті.

23 желтоқсан күні мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің оқушыларымен суретші-кескіндемеші, режиссер-тележурналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының Вице-президенті, ҚР суретшілер одағының және Еуразиялық көркемсурет одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, профессор-педагог — Мүсәпір Жанұзақпен  кездесу кеші өтті. Мақсаты: Мүсәпір Жанұзақтың өмірі, шығармашылығымен және қылқаламынан туған шығармаларымен жақынырақ танысу. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушылар кездесу барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қонағымыз сурет салудағы шеберліктерімен бөлісті.

Балалалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен Кенен Әзірбаев атындағы қалалық «Көпшілік тыңда әнімді» байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын - Мейрамбек Нұрайлым; ІІ орын - Көкебаев Нұрали; ІІ орын - Қуанышева Асыл; ІІІ орын - Еділбай Сайда. Жетекшілері: З Каракеева, З.Жакешова. Құттықтаймыз!

Бүгін балалалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары арасында өткен Кенен Әзірбаев атындағы қалалық «Көпшілік тыңда әнімді» байқауына мектебіміздің дәстүрлі ән сыныбының оқушысы Сейсембек Кәусар қатысып, 3 орынға ие болды. Жетекшісі: А. Дабылова. Құттықтаймыз!

Мектебімізде  ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Эстрадалық вокал бөлімінде мектепішілік «Сайра бұлбұл» және фортепиано сыныптары оқушылары арасында «Жас пианист» байқаулары өтті. Байқауға фортепиано, дәстүрлі ән және вокал сыныптарының оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар тағайындалып, арнайы дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Бүгін мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер - Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздікке қалай жеткенімізді баяндап түсіндіру. Өз елін, Отанын сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Гүлмира Жангелді мерекемен құттықтап, мұғалімдерді Астана қалалық Білім басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.

Астана қаласында өткен «Зимняя сказка» халықаралық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды. І орын - Музатов Аян; ІІ орын - «Сұлу» вокалдық ансамблі; ІІІ орын -«Достар» балалар ансамблі. Жетекшілері: Н.Айжарыков, А.Ғабитова. Құттықтаймыз!

Астана қаласындағы Шабыт университетінде өткен «Жан Достар» ІІ - республикалық байқауға мектебіміздің өнерлі оқушылары қатысып, төмендегі жүлделі орындарға ие болды: І орын - Асылбек Жоламан; І орын - Сейсембек Кәусар; ІІ орын - Жолдасбекова Томирис; ІІ орын - Әбдіқұл Іңкәр; ІІІ орын - Дюсен Аруна; ІІІ орын - Муратов Мансур. Жетекшілері: Ж.Кумисбекова, Ж.Нахаева, А.Дабылова. Шын жүректен құттықтаймыз!

Астана қаласында өткен «Зимняя сказка» халықаралық байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды: Супер Гран-При - Болат Нұршуақ; Гран -При - Жайлыбай Айзере; Гран-При - Керемкулова Динара; І орын - Әлім Мұса; І орын - Ерболат Айерке. Жетекшілері: Р.Оразбаева, Т.Каскенева. Шын жүректен құттықтаймыз!