Top
a

Хабарландыру

Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 Өнер мектебі» МКҚК уақытша бос орындар лауазымына конкурс жариялайды.

Уақытша бос орындар: 

1.Фортепиано пәні мұғалімі

2.Домбыра пәні мұғалімі

3.Хор сыныбы мұғалімі

4.Концертмейстер

Уақытша бос орындар конкурсына қатысушыүміткерлердің құжатын қарау бойынша комиссия отырысы  28.08.2023 күні сағат 15.00 -де Астана қаласы, Достық 13 көшесі мекен жайында орналасқан № 2 Өнер мектебі ғимаратында  өтеді.

Конкурс бойынша мәліметтерді оner_mektebi_2@mail.ru электрондық поштасы немесе (87172) 26-62-38 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Уақытша бос орындар конкурсына ниет білдіргендер «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес төмендегідей құжаттарын (электрондық немесе қағаз түрінде) комиссияға ұсынуы тиіс:

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.