Top
a

«Музыкалық — компьютерлік технологиялар негізінде заманауи музыканттың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында пікіралмасу өтті

2024 жылдың 4 қаңтарында Астана қаласының  №2 өнер мектебінің домбыра аспабының педагогі Мырзаханов Ж.К «Музыкалық — компьютерлік технологиялар негізінде заманауи музыканттың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру»  тақырыбында пікіралмасу өткізді. 

Пікіралмасуда ұстаздар курстан алған білімдерін практика жүзінде қалай жүзеге асырып жатқандығын, сабаққа қажетті платформаларды пайдалана отырып нота жазу, оқушыға тапсырма беру сияқты  әрекеттерді пайдаланудың тиімділігімен бөлісті.