Top
a

Мектеп жасындағы балаларға театр өнерін оқыту әдістемесі

  «Театр және хореография сыныбы» бөлімінің педагогі Асанова Ұ.С.  «Мектеп жасындағы балаларға театр өнерін оқыту әдістемесі»  тақырыбында курстан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында практикалық семинар өткізді.

     Мақсаты: Театр өнерін үйрену кезінде пайдаланылатын жаттығулар мен тренингтерді жетік меңгеру, жансыз затқа жан бітіру тәсілінің техникасы, көңіл-күйді жеткізе білу, сахнадағы әріптесіңізбен қарым-қатынас орнатудың ерекшеліктерін сезіне, түсіне білу. 

      Педагог өз іс-тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, педагогтермен жаттығу жұмыстарын орындады, қатысушылар бүгінгі прапктикалық семинар туралы өз ойларын  да ортаға салды.