Top
a

Білім алушылардың қазақ халық аспаптары оркестрінде (ансамблінде) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту

«Музыка бөлімінің халық аспаптары сыныбы» бөлімінің мұғалімдері арасында практикалық семинар өтті. Бөлім педагогі Курметбек Б. «Білім алушылардың қазақ халық аспаптары оркестрінде (ансамблінде) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту» тақырыбында курстан алған білімімен, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың мақсаты: Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалану, ұлттық аспаптарды үйрету техникаларын тиімді қолдану.