Top
a

Балаларға хор ұжымымен жұмыстың инновациялық әдістері мен формалары

   «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»  РМҚК  ұйымдастыруымен  өтетін қосымша білім беру педагогтерінің білімін жетілдіру курстарында спикер болу, дәріс оқу сияқты іс-шаралар мектебімізде дәстүрге айналған. Жақында өткен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Балаларға хор ұжымымен жұмыстың инновациялық әдістері мен формалары»біліктілікті арттыру курсында мектеп директоры Жангелді Гүлмира дәріс оқыды.

   Ол өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, хор мәдениетін меңгертуде оқушылармен қарым-қатынас жасаудың жолдары, оларды оқытуда  кездесетін қиыншылықтар туралы өз ойын ортаға салды және шеберлік сыныбын өткізді.