Top
a

3-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті №1 сабақ

3- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті

№ 1 сабақ

Тақырып: Ф. Шопен Өмірі және шығармашылығы

     Фредерик Франсуа Шопен поляк композиторы, пианиношы, поляк ұлттық классикалық музыканың негізін салушы. Композитор 1810 жылы 1 наурызда Варшава маңындағы Желязова-Воля мекенінде дүниеге келіп, 1849 жылдың 17 қазанында Париж қаласында қайтыс болды. Оның әкесі Никол (Миколай) Шопен — француз эмигранты, гувернер және мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған, ал анасы  дворян отбасында тәрбиеленген. Туған апасының ықпалымен Фридерик жастайынан музыкамен шұғылдана бастайды. 7 жасында фортепианода  ойнауды чех музыканты В.Живныйдан, ал 12 жасында поляк композиторы Ю.Эльснерден үйреніа, тәлім алады. Ол 7 жасында фортепианоға арналған алғашқы шығармасы – соль минорлы Полонезін жазады. Бұл шығармасы 1817 жылы баспа бетінде шықты. 1823-26 жылдары аралығында ол лицейде оқиды, 1836-29 жж. Жоғары музыка мектебінде оқыған. 1818 жылдан бастап Фридерик фортепиано аспабында шебер орындаушы ретінде танымал бола бастады. 1829 жылдан ол алғашқы гастрольдік сапарларын бастайды: Вена, Мюнхен. 1830-31 жылдар аралығында композитор Вена қаласында, ал 1831 жылдан Париж қаласында тұрды. Осы қалада әдебиет пен өнердің атақты өкілдерімен танысад: ақын А.Гейне, жазушы Ж.Санд, кескіндемеші Э.Делакруа, композиторлар В.Беллини, Ф.Лист, Ф. Мендельсон. Шопеннің шығармалары поляк ұлттық музыкасының зор жетістігіне әрі дүниежүзілік музыка классиканың үздік үлгілеріне жатады. Оның шығармаларында поляк халқының азаттық үшін күресі мен каhармандық идеялары шынайы бейнеледі. Шопен – фортепианода ойнаудың асқан шебері, дүниежүзілік көрнекті пианиношылардың бірі болды. 1835 жылы композитор ауыр сырқатқа душар болып, дәрігерлердің кеңесімен Мальорка аралына барады. Бірақ көп ұзамай өкпе туберкулезінен дүние салады. Мәйіті Париж қаласында жерленген, жүрегі композитордың өтініші бойынша Варшава қаласына жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы. 1927  жылдан бастап Варшавада Шопен атындағы халықаралық пианиношылар өткізіліп тұрады. 1923 ж. Алматы қаласында музыкалы драма үйірмесінің күшімен алғаш рет Шопен шығармаларына арналған концерт ұйымдастырылды. Сонан бері Қазақстанда композитордың әр алуан музыкалық туындылары (вальс, мазурка, ноктюрн, полонез, т. б. фортепьянолық шығармалары) орындалып келеді.
      Шопен – фортепьяно мен оркестрге арналған 2 концерт пен 4 пьесаның; фортепьянолық трионың, виолончель мен фортепьяноға арналған соната, 4 баллада, 4 скерцо, 4 экспромт, 16 полонез, 58 мазурка, 17 вальс, 21 ноктюрн, 26 прелюдия, 27 этюдтің және көптеген әндердің, рондо, вариация, т. б. муз. шығармалардың авторы.

Үй тапсырмасы: Шопеннің өмірбаяны мен шығармашылығын оқу: