Top
a

Кәсіби дайындық сыныбы. Сахна тілі. 4-тоқсан. Сабақ № 2

Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс жасау

Әдеби шығармалар оқу арқылы,  мәтінмен жұмыс жасау жолдарын дұрыс игеріп, әдеби, драматургиялық шығармадағы, мәтіннің мазмұны мен форма тұтастығын, әдеби тіл нормасын, орфоэпиялық заңдылықты қолдануды үйрену керексің. Ішкі жан әлемің мен рухани-адамгершілік құндылықтарыңды байытып, көркемдік талғамыңды кеңейту және тіл мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды өз бетіңше іздеп, қызығып оқуға  дағдылану керек. Өз ойынды еркін, шешен, әсерлі жеткізіп, дене сымбаттылығыңды қалыптастырып, актерлық ойдың табиғаты және оны тәрбилеудің негізгі жолдарын игеріп, рухани дүниесіңді кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезіміңді дамыту керек. Сөздік қорыңды  молайтып, көркем мәнерлі, сөзді сазына келтіріп оқуды үйрену керексің.

Тапсырма:

Мына сұрақтың жауабын дәптер бетіне түсір:

  1. Тілдің адам өмірінде атқаратын рөлі?
  2. Сахна тілінің актер шеберлігіндегі атқаратын рөлі?
  3. Актер шеберлігінің сахна тіліндегі рөлі?
  4. 5-10 жобасында әдеби шығарма оқы, әр шығармаға қысқа түсінікте жаз
  5. Өзің оқыған прозадан үзінді таңда, мәтінін дәптерге түсір
  6. Алған үзіндіңе талдау жаса,яғни, автор берген шығарманы өз қиялында қайта жаңғыртып, қайта тудыр. Автор сөзіне, өзінің сөз астарын енгізіп, кейіпкерге деген өз қөзқарасыңды анықтау.