Top
a

Музыкалық сауат ашу. хореография, 2-сынып № 4

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып

Сабақ № 4

Тақырыбы: Интервалдардың айналымы.

Интервал дыбыстарының ауысуы интервалдардың айналымы деп аталады. Бұл жағдайда интервалдың төменгі дыбысы жоғары болып, ал жоғарғы дыбысы төменгі болып келеді. Интервал дыбыстарының ауысуының екі тәсілі болуы мүмкін:

1. Интервал тірегінің октаваға жоғары ауысуы.

2. Интервал шыңының  октаваға төмен ауысуы.

Берілген интервал ауысуының барысында жаңа интервал пайда  болады. Бұдан таза интервалдар әрдайым таза интервалдарға,  үлкендер- кішіге, кіші интервалдар- үлкендерге,  кішірейтілгендер- үлкейтілгендерге,  үлкейтілгендер- кішірейтілгендерге айналатындығын аңғаруға болады.

Тапсырма: тақырыпты дәтперге түсіру. Интервал айналымы қалай жасалатынын жаттау.