Top
a

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып № 3

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып

Сабақ № 3

Тақырыбы: Үлкейтілген жәнен кішірейтілген интервал. Интервалдардың энгармониялық теңдігі.

Әрбір диатоникалық интервал өзінің құрамындағы бір басқыштың хроматикалық жарты тонға төмендеуіне немесе жоғарлауына байланысты, ұлғайуы немесе кішірейуі мүмкін. Бір негізі басқыштан құрылған кішірейтілген және үлкейтілген интервалдардың екінші басқышының, немесе екі басқышының да хроматикалық жарты тонға өзгеруінің нәтижесінде пайда болған интервалдар хроматикалық интервалдар деп аталады. Үлкейтілген кварта мен кішірейтілген квинтаны хроматикалық интервалға жатқызуға болмайды, олар диатоникалық интервалдар болып саналады.

Үлкейтілген интервалдар:

а) Жоғарғы басқыштың жоғарлауынан пайда болған интервалдар;

ә) Төменгі басқыштың төмендеуінен пайда болған интервалдар;

Кішірейтілген интервалдар:

а) Жоғарғы басқыштың төмендеуінен пайда болған интервалдар;

ә) Төменгі басқыштың жоғарлауынан пайда болған интервалдар;

Сандық мөлшері әр түрлі,бірақ тондық құрамы бірдей интервалдар энгармониялық тең интервалдар деп аталады.

1-тапсырма: тақырыпты дәптерге толығымен түсіру. Хроматикалық интервалдар деген не?

2тапсырма: Интервалдардың энгармониялық теңдігі деген ережелерді жаттау.