Top
a

1 сынып. Бейнелеу өнер тарихы Сабақ № 1

1 – сынып.  Бейнелеу өнер тарихы

Сабақ № 1

Тақырып: Византия өнері. Архитектура

Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері 6-ғасырда Ежелгі Рим империясының құрамына енген елдердің өнері негізінде калыптасты. Византияда тұңғыш дамыған орта ғасырлық өнердің приниптері (шіркеу, одағы әулиелердің бейнесі) онымен көрші елдерге де зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңсесі биік талай тамаша ғимараттар бой көтерді. Олар Равеннадағы әулие Сан-Виталидың күмбезді шіркеуі (526-547), Сирияның Кальб-Лузех қаласындағы базилика (480 ж.ш.), Константинопольдегі әулие Софияның алып күмбезді базиликасы (532-537) т.б. 9 ғасырдан бастап крест-күмбезді ғибатханалар пайда бола бастады; Хосиос Лукас монастырының (10-11 ғ.), Константинопольдегі Феодордың (11 ғ.), Салнокидегі Апостолдар (1312-1315) шіркеілері мен Мистр монастырьлық комплексі (13-15 ғ.) т.б. бекіністер мен сарайлар да көптеп салынды. Византия бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленеді. мұндай ерекшеліктер монументті шығармаларды ьасты орын алған (Равеннадағы Витали, Никеядағы Успени шіркеулерінің, Дафни және Хор монастырьларының мозаикалары, Константинополь фрескалары т.б.). Сонымен бірге икон өнері (иконопись) мен кітап көркемдеу өнері де өркендеді. Византия мүсін өнері тас, піл сүйектерін әрлеп жасау түрінде кең тараған.

Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленді. Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне ауысты.

Үй тапсырмасы:  тақырыпқа  байланысты конспект  жаз