Top
a

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 4-Сабақ

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша

4-Сабақ

Battement developpe plie releve жаттығуын  жасау. (м/ө 4/4)

Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау

1-ге 2-ге- preparatoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады

1-ге 2-ге- оң аяқта cou de pied арқылы developpeалдыға 45* ашылады

3-ке 4-ке- сол аяқта plieге отырып тұрады

1-ге 2-ге- оң аяқта battement tendu арқылы V қалыпқа жабылады.

Жаттығу жанға, артқа бір аяқтан орындалады, станок қасында оң жақтан және сол жақтан орындалады.

Қимылды орындау барысында тізелердің қатты тартылуына мән беру керек, қалыптарды сақтау керек.

Үй тапсырмасы : топтық жұмыс жасау үшін ұандай  комбинация құрастыру керектігін ойластыру.