Top
a

1-сынып. IV-тоқсан.Ритмика пәні Сабақ № 3

1-сынып.    IV-тоқсын,  Ритмика пәні

Сабақ № 3

Тақырыбы: Би сабағындағы қол қалыптары

Классикалық биде қол қалыптары: дайындық қалпы, I,II,III болады. Кейін билерде аралас қалыптар кездеседі яғни, бір қол II қалып ұстаса, екінші қол III қалыпқа,  болмаса бір қол I қалыпты ұсаған кезде екінші қол II қалып немесе III қалып ұстай алады,  бұл қалыптар аралас қалыптар болып саналады.

Дайындық қалпы: қолдар санның тұсынан алдыға орналасады, шынтақтар дөңгелене орналасады, саусақтар бір -біріне қарама қарсы орналасады.

I қалып: қолдар кіндік тұсында, екі қолдың саусақтары бір бірімен кездеседі, иық түсіңкі, арқаны ұстау керек, шынтақтар дөңгелене орналасады.

II қалып: қолдар иық тұсынан екі жаққа ашылып орналасады, шынтақ көтеріңкі, жауырынды барынша түсіру керек. Шынтақтар дөңгелене, арқаны қатты ұстап, саусақтар жинақы болу керек.

III қалып: қолдар жоғарыға төбе тұсында кездеседі, алақандар төменге қарайды, қолдың ортаңғы саусақтары бір бірімен қарама қарсы орналасады

Шынтақтар дөңгелене орналасады.

Қолдың қалыптарын көрсеткен кезде міндетті түрде осы ережелерді сақтау керек.