Top
a

6-Сынып.IV тоқсан.Қазақстан хореографиясы пәні № 2 сабақ

6-Сынып.    IV  тоқсан.   Қазақстан хореографиясы пәні

№ 2 сабақ

Тақырыбы: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрындағы балет қойылымдары

1934 жылы  13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» (режиссері Ж. Шанин мен Қ. Жандарбеков, музыкасы И.В. Коцык) пьесасының желісімен алғашқы спектакль қойылды.

1936 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігінде Үлкен театр сахнасында Е.Г.Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы «Қыз Жібек» операсы қойылды.

1938 жылы М. Әуезовтың «Қалқаман-Мамыр» либреттосы бойынша алғашқы қазақ балеті қойылды.

1943 жылы театрда Г. Уланова мен В. Пирадов «Жизель» балетін қойды.

1944 жылы «Абай» операсының премьерасы болды (либреттосын жазған М. Әуезов, музыкасы — А. Жұбанов, Л. Хамиди).

1958 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігінде Үлкен театрда «Біржан-Сара» операсы қойылды.

19501990 — жылдарда репертуарлар кеңейді. Әлемдік классиканы қарқынды игеру басталды. КСРО театрларымен әріптестік байланыс орнады.

2000-2015  қойылымдарды қоюға әлемдік деңгейде танымал тұлғалар шақырылды. Өзіндік бірегей қойылымдар қойылды.

2014 жылы  «Абай» операсының жаңа қойылымы (музыкасы — А. ЖұбановЛ. Хамиди, либреттосы — М. Әуезов) болды. Опера Париж теартында қойылды.

2015 жылы  Ж. Бизенің «Кармен» операсының жаңа қойылымы өтті. Бұл калссикалық операны «Модерн» стилінде қойған алғашқы қойылым және заманауи режиссурадағы жаңа бағыт ретіндегі өзгеше бір шешім болды. Осы жылы «Ұла дала аңыздары» балетінің премьерасы болды. Музыкасын Қазақстанның композиторлар мектебінің бір топ үздік өкілдері бірігіп жазды.

Үй тапрсырмасы: «Қалқаман-Мамыр» балетінің либреттасымен танысу