Top
a

5-Сынып. IV-тоқсан. Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 5

5-Сынып.  IV-тоқсан.  Қазақстан хореографиясы пәні

Сабақ № 5

Тақырыбы: Қазақстандағы XX ғасырдағы II жартысындағы  Қазақ балет өнерінің жалғасы

Қазақстандағы XX ғасырдың 60-жылдары «Шопениана», «Болеро», «Франческа да Римини» бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы Хачатурянның «Спартак» балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес берді. 70 — 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған «Фрески» балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнерінің жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын жаңа көзқараспен игеру үлгісі композитор М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың «Ақсақ құлан» балетінде (1975) көрінді. 1978ж.  Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың «Әлия»балетінде                             Ә.Молдағұловаңың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды. 80 — 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды («Мадам Баттерфляй», 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; «Корсар», «Ұйқыдағы ару», 1991, В.Владимиров). 1991 — 2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. 21 ғасырдың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі. 60- жылдары «Алматының жас балеті» би ансамблі құрылды. Ұжым — камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланды. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды («Гамлет«, музыкалық А.Исакова, «Қылмыс пен жаза», музыкалық Д.Шостакович, т.б.).

Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты.

Үй тапсырмасы: XX ғасырдың  II жартысында қандай балет билері жарыққа шыққан? Сол балеттердің тізімін жылдарымен дәптерге жазу, либреттосымен танысу.