Top
a

5-Сынып. IV-тоқсан. Қазақстан хореографиясы пәні Сабақ № 2

5-Сынып.  IV-тоқсан. 

Қазақстан хореографиясы пәні

САБАҚ №2

Тақырыбы: Әбіров Дәурен Тастанбайұлының өмірбаяны және шығармашылығы

Әбіров Дәурен Тастанбайұлы биші, балетмейстер 06.10.1923 жылы

Жамбыл обылысы, Қордай ауданы Қаракемер ауылында туылған. Алматы хореография училищесін, Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИ-інің балетмейстері бөлімін  бітірген (1952ж). Ұлы отан соғысына қатысқан.  Дәурен Тастанбайұлы Қазақ ұлттық өнер академиясында 1978-2001жылдар аралығында қызмет еткен ұлағатты ұстаз. ГИТИС- Ресей театр өнері академиясын 1949 жылы бітірген, ол еліміздің тұңғыш балетмейстері болды. Көп жылдар бойы 1952-1977ж Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының бас балетмейстері болып қызмет атқарады. Көптеген балеттердің қоюшысы болды.

1984—1989ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасайды.

1989 — 1997 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды. 

1997 жылдан бері театр және кино институтың Жоғарғы хореография мектебінде ұстаз болды

Билеген билері

Биші ретінде: “Жизель”, “Аққу көлі”, “Бақшасарай фонтаны”, “Баядерка”,“Шопениана” т.б. балеттерде жетекші партияларды билеген.

Пуни мен Глиэрдің “Эсмеральда”, Глазуновтың “Раймонда”, Меликовтың “Фархад-Шырын”, Яруллиннің “Шурале” балеттерін сахнаға бейімдеген. 

“Біржан-Сара”, “Қамар сұлу” ,“Айсұлу” операларына көптеген концерттік билер қойған.

Шығармалары

Зерттеуші ретінде : “Қазақтың халық билері” (Ә. Исмаиловпен бірге, 1961, 1984)

“Қазақ биінің кәсіби сахнада қалыптасуы мен дамуы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1979)

Үй тапсырмасы: Әбіров Дәурен Тастанбайұлы  билеген билердің видео жазбаларын көру.