Top
a

2- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 1-Сабақ

2- сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша

1-Сабақ

III  port de bras (зал ортасында)

Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы,  дене  1- нүктеге қарау

1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар 1- қалып арқылы 2-қалыпқа  ашылады

1-ге 2-ге 3-ке 4-ке- қолдар allonje жасап, бас оң қол саусақтарына қарайды, дене алдыға еңкейеді, қолдар төменде 1-қалыпта кездеседі, дене сол сәтте аяқтар тұрған жерге дейін төмен майысады

1-ге 2-ге 3-ке 4-ке – қолдар 3- қалып арқылы жоғарыға денемізбен бірге бастапқы қалыпқа оралады, қолдар 3-қалыпта қалады

1-ге 2-ге 3-ке 4-ке – қолдар 3-қалыпты ұстай отырып, денеміз барынша артқа майысады

1-ге 2- ге 3- ке 4-ке — қолдар 3- қалыпты сақтап, денеміз  бастапқы қалыпқа оралады

1-ге 2-ге 3-ке 4-ке- қолдар 2-қалып арқылы дайындық қалпына келеді. Қимыл аяқталады.

Жаттығуды ең алдымен станокта бір қолмен жасайсыз, сосын зал ортасына жасайсыз.

Үй тапсырмасы: жаттығуды қайталау