Top
a

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған қашықтықта өткізілетін қобызшылар байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған қашықтықта өткізілетін қобызшылар байқауын жариялайды.

Ұйымдастырушылар:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі

Байқаудың мақсаты:
Қобыз аспабында ойнайтын дарынды, талапты оқушыларды анықтай отырып, өзара тәжірбие алмасу;

Байқау талаптары:
Қатысушылар — 7-10 және 11-13 жас ерекшелігі бойынша топталады.
Байқауға қатысушылар әртүрлі мінез- құлықтағы 2 шығарма ұсынады.
Оның бірі қобызға лайықталған Абай әндерінің бірі (міндетті түрде) және орыс, шетел композиторларының шығармасы (қалауы бойынша).

Бағалау негіздері:
• Орындаушылық негіздері (интонация, динамика, фразировка)
• Аспапта ойнау шеберлігі;
• Киім үйлесімдігі;

Байқаудың өткізілу тәртібі
Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 20 сәуір аралығында
Қорытындылау: 2020 жылдың 25 сәуір күні
Жеңімпаздар — Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын және дипломдармен марапатталады.

Байқауға қатысушылардың электронды өтініштері мен бейне жазбалары
2020 жылдың 20 сәуіріне дейін oner_mektebi_2@mail.ru почтасына қабылданады;