Top
a

Халықаралық би күніне арналған қашықтықта өткізілетін би байқауы өтеді

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі Халықаралық би күніне арналған қашықтықта өткізілетін би байқауын жариялайды.

Ұйымдастырушылар:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі

Байқаудың мақсаты: Оқушылардың бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, би өнерінің өрбуіне ат салысу;

Өткізілу тәртібі:
Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 20 сәуір аралығында
Қорытындылау: 2020 жылдың 25 сәуір

Байқауға 10-15 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізіледі;
Бірінші топ 10-12 жас
Екінші топ 13-15 жас

Оқушыларға қойылатын талаптар: әр түрлі жанрда бір би орындайды.
(Халық сахналық биі, ұлттық би, классикалық би, заманауи би, хип-хоп. )

Бағалануы:
✅Орындау шеберлігі;
✅Актерлік шеберлігі;
✅Би қойылымы;
✅Музыканы тыңдауы.

Байқауға қатысушылардың электронды өтініштері мен бейне жазбалары
2020 жылдың 25 сәуіріне дейін oner_mektebi_2@mail.ru почтасына қабылданады;