Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 1

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 1

Тақырып:  А.И.Хачатурян. Өміржолы.

       Арам Хачатурян XX ғасырдың ұлы композиторы.                                                         Арам Ильич Хачатурян 1903 жылы 6 маусымда Тбилиси қаласында туылған. Жас кезінен бастап музыканы ұнатып, халық  әндерін құмарта тыңдайды. Өзі де ән салып, фортепьянода сүйемелдейді.

     1921 жылы болашақ композитор Москва қаласына келеді. Араға бір жыл салып Гнесин атындағы музыкалық техникумға оқуға қабылданады. Алғаш виолончель, фортепьяно, артынан композиция мамандығы бойынша оқып, М.Гнесиннен дәріс алады. Профессор ұстазы шәкіртінің бойындағы талантын көріп, оны өз елінің музыкасын классикалық жанрларда қолдану тәсілдеріне баулиды. 1926 жылы Арам Х. алғашқы скрипка мен фортепьяноға арналған «Танец» музыкасын жазады. 1929 жыпы А.Хачатурян Москва консерваяториясына түседі. Ондағы ұстаздары: М.Гнесин, Н.Мясковский және  С.Василенко (аспаптау пәні).                                                                            

           А.Хачатурян консерваторияны 1934 жылы алтын медальмен аяктап, Н.Мясковскийдің класына аспирантураға қабылданады. Осы жылдары оның композиторлық шеберлігі жетіле түсіп, бірқатар көркем шығармалар жазады. Солардың елеулісі — фортепияно мен оркестрге арналған концерт.                                 30-жылдардың орта шенінен бастап А.Хачатурян композиторлық және қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Алғаш ол Москва Композиторлар одағы төрағасының орынбасары болып сайланады. 1938 жылы КСРО композиторларының Ұйымдастыру комитеті терағасының орынбасары болып қызмет атқарады. Өзінің жемісті шығармашылығы, еліне ұсынған көптеген көркем туындылары үшін композитор А.Хачатурян Мемлекеттік ордендерімен марапатталған. 1973 жылы бүкіл әлем жұртшылығы ұлы композитордың 70 жылдығын атап өтті. Оның музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі ескеріліп, Армян КСР-нің халық артисі. Социалистік Еңбек Ері атактары Ленин және Алтын медальмен бірге берілді.                                      

Композитор 1978 жылы қайтыс болды.

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.