Top
a

2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмыстары бойынша 1 жартыжылдық қорытындысы

Астана қаласы әкімдігінің «№2 Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмыстары бойынша 1 жартыжылдық қорытындысы

Мектептің  мақсаты:

Дарынды жас балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, өнердің әр түріне үйрете отыра, Театр, Музыка, Сурет, Би, Сәндік-қолданбалы өнер арқылы дүниежүзілік өркениеттің, соның  ішінде ғасырлар бойы қалыптасқан өзіміздің төл, ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасымен таныстыру; өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, өнерін білетін,  оны қадірлеп, қастерлейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Мектептің міндеттері:

  • 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың тұлғалық дамуы, денсаулығын нығайту, өзін-өзі кәсіби анықтау, шығармашылық еңбегі үшін қажетті жағдай жасау;
  • балаларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу;  дарынды балаларды анықтау;
  • қоғам өміріне бейімдеу, сабақтан тыс бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • концерттік бағдарламаларға, қалалық, республикалық, халықаралық іс-шаралар мен байқауларға, фестивальдерге белсене қатысу;
  • материалдық техникалық базаны, білім беруді жақсарту,

Бекітілген жылдық жоспар бойынша төмендегі іс шаралар тәрбие сағаты, семинарлар, көрмелер, концерттер өтілді.

2023-2024 оқу жылында барлығы – 5 тәрбие сағаты: «Отбасы – бақыт мекені», «Тіл-ұлттың жаны», «Бикен Римованың туғанына 100 жыл», «Абырой мен ар-намыс», «Би өнері-әлемнің рухани елшісі» тәрбие сағаттары өтілді.

Мақсаты: Оқушылардың отбасына, отанға, досқа, ата-анаға деген махаббатын арттыру, татулыққа, сыйластыққа, туыстыққа баулу, жанашырлық, мейірімділік сезімдерін ояту. Отанды құрметтеуге, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді сақтауға, адамгершілік, парасаттылық және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Қалалық байқаулар:

«Театрдың ғажайып әлемі»  театрландырылған балалар байқауы 20 қыркүйек күні №70 мл акт залында өтті. . Байқауға 26 мектептен  208    оқушылар қатысты. Мақсаты:жас өспірімдердің театр, сахна арқылы дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде өздеріне таныс шығармалар арқылы бойларындағы табиғи дарындылығын паш ету.

 «Асыл мұра» қалалық байқауы 30 қазан күні №54 мл өтті.Мақсаты:  Ұлттық өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы  жас өнерпаздардың бойында мәдениетімізді және өнерімізді сақтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру; Іріктеуге қала мектептерінің 63 оқушысы, негізгі байқауға өткен  қатысушылар саны: 49 оқушы.

Республика күніне арналған республикалық «Сиқырлы бояулар әлемінде» сурет байқауы 30 қараша күні өтті. Жалпы 100 ден аса суреттерден 50 жұмыс іріктелініп,негізгі байқауға өтті.

Мақсаты:- бейнелеу өнері арқылы жастарға отансүйгіштік, толеранттылық және эстетикалық тәрбие беру;                                                                                                                                        — жастарды өз отанының беделді бір мүшесі екендігін ұғындыру;                                                                                 

 — бейнелеу өнері арқылы  дарынды және талантты оқушыларды анықтау;

«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында «Ақындар айтысы» сайысы республика көлемінде өтілді.

«Ақындар айтысы» сайысы – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге міндеттелген үлкен жоба.

Ақындар айтысының мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.

Ақындар айтысының міндеттері:

Балалар мен жастардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, поэтикалық, орындаушылық және вокалдық дағдыларды қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін ояту, қазақ тілінің рөлін арттыру, халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу.

  Сурет көрмелері жоспар бойынша өтті: «Менің бақытты отбасым»  сурет көрмесі,«Күз кереметі» сурет көрмесі, «Жемқорлыққа жол жоқ!» сурет көрмесі, «Тәуелсіздікке арналған сурет көрмелері.

Көрмелердің мақсаты: оқушыларының шығармашылық нәтижелерін көрсетіп, жасөспірімдердің эстетикалық және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.

 Мектепішілік  мерекелік концерттер:  «Қарттарым асыл қазынам» атты «Белсенді өмір сүру орталығы» ата-әжелерімізбен кездесу, концерт,  «Ұстаз- ұлы тұлға» мерекелік концерт,Тәуелсіздік күніне арналған  «Тәуелсіздің-тұғарым» еске алу кеші, «Сайра бұлбұл» мектепішілік байқауы, Жаңа жыл мерекесіне арналған  «Жаңа жыл-жарқыра»мерекелік кештер өтілді.

2023-2024 оқу жылыныі І жж  қатысқан қоғамдық іс-шаралар

  1. 24.08.2023ж- «Айналайын» балалар хоры Тамыз кеңесінде «Ұстаздың ғана қолында» әнімен өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  2. 24.08.2023ж- «Мектепке жол» акциясы аясында «Достық үйінде» өткен қалалық концертке Мұзатов Аян қатысты.Жетекшісі: Г.Кабулова.
  3. 29.08.2023ж- Республикалық Оңалту орталығында 2 өнер мектебі ұжымы қайырымдылық концертін берді.
  4. 01.09.2023ж – «Айналайын» хоры таңғы хабар «Таңшолпан» бағдарламасына барып, «Ұстаздың ғана қолында» әнімен өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  5. 20.09.2023 ж- Амантай Айғаным «Театрдың ғажайып әлемі» қалалық байқауының ашылуында өнер көрсетті. Жет: Р.Оразбаева
  6. 28.09.2023ж- «Жақсы адамдарым» бағдарламасында «Айналайын» хоры Қанат,Света Айтпаевтармен бірге өнер көрсетіп, түсірілімге түсті.
  7. 17.10.2023ж- «Асыл мұра» байқауының ашылуында Болат Нұршуақ өнер көрсетті.Жет:Р.Оразбаева
  8. 21 қазан күні «Балапан» арнасына сазсырнай сыныбының оқушысы Әсетқызы Кәусар жетекшісі Мира Тастеновамен түсірілімге барып, сұхбат берді.
  9. 21 қазан — Д.Нүрпейісова атындағы «Астана күй қанатында» атты қалалық байқаудың ашылуында «Сырлы саз» ансамблі өнер көрсетті. Жетекшісі:Н.Айжарыков.
  10.  24.10.2023ж- «Айналайын» хоры «1001» түн бағдарламасында қонақ болып, өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  11. 17.11.2023ж- «Білім инновация» халықаралық Қоғамдық қорының 30 жылдық мерей тойы аясында өткен гала-концертке «Айналайын» хоры қатысып,өз өнерлерін көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  12.  18.11.2023ж- Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан эстрадасының әншісі Еркеш Хасеннің жеке шығармашылық концертіне мектебіміздің «Айналайын» хоры қатысып, өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  13. 25.11.2023ж- ҚҰӨУ-де комозиторлар  Серікжан және Әліби Әбдінұровтың хорға арналған шығармалардан концерті өтті. Оған мектебіміздің «Айналайын» хоры қатысып, өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  14. 28.11.2023ж – Румыния елшілігінің халықаралық деңгейде өткізген іс-шарасына мектебіміздің «Сырлы саз» ансамблі қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жетекшісі:Н.Айжарыков
  15. 29.11.2023ж – Есіл ауданы әкімдігінің құрылғанына 15 жыл және Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің құрылғанына 15 ж толуына орай өткізілген іс шараға мектебіміздің мұғалімдері: Б.Баймурзаев, М.Абдықадыр, Ш.Сейтжанұлы, Б.Құрметбекұлы, А.Жоламановалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
  16. 29.11.2023ж- ҚР Президенттік орталығында «Ұлы дала бояулары» атты Астана қаласы оқытушы-суретшілерінің арасында өткен байқаудың марапаттау рәсіміне мектебіміздің мұғалімдері Б.Құрметбекұлы және Н.Мейрхан қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
  17. 30.11.2023 ж – «Сиқырлы бояулар әлемінде» атты сурет байқауының жабылу рәсімінде вокал сыныбының оқушысы Қалтаева Адель өз өнерін көрсетті.
  18.  «Елімнің жүрегі-Астана» атты концертке «Айналайын» хоры қатысып,өнер көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді
  19. 15 желтоқсан күні  Хабар арнасындағы «Оян» бағдарламасына қонақ боды. «Туған ел» орындады.
  20. 15 желтоқсан күні  Хабар арнасындағы «Оян» бағдарламасына мектебіміздің вокал сыныбының оқушысы Амантай Айғаным қонақ болып, өз өнерін көрсетті. Жетекшісі:Г.Жангелді,Р.Оразбаева
  21. Арменияның Ереван қаласында өткен «Golden Voices-2023» халықаралық жас таланттар байқауында Астана қаласының 2 өнер мектебінің оқушысы Айғаным Амантай «Super Grand Prix» бас жүлдеге ие болды.
  22.  11-16 желтоқсан күні Қырғызстан республикасының Бишкек қаласында өткен халықаралық байқауда мектебіміздің домбыра сыныбының оқушысы Әбілхан Нұрлыхан 2 орынға ие болды. Жетекшісі:Н.Айжарыков.

2023-2024 оқу жылында қатысқан қалалық-3 , республикалық-7, халықаралық- 4 байқаулар нәтижесі

Барлық орын:35

Қалалық: 8

Республикалық: 15

Халықаралық : 12