Top
a

2023- 2024 оқу жылындағы әдістемелік жұмыс ЕСЕБІ (1 жартыжылдық)

1. Кадрлық әлеуеті (потенциалы), кадрларды дайындау.

Педагогтардың кадрлық әлеуетінің анализі, дәрежелігі

            2023 – 2024  оқу жылының басынан бастап  жалпы 70 педагог  №2 өнер мектебінде жұмыс атқарады. Жоғары санатты-7, бірінші санатты-1, екінші санатты-6, санаты жок 33 мұғалім. Педагог-зерттеуші -4, Педагог-сарапшы-4, Педагог-модератор-15 педагог. Оның ішінде -57 педагог негізгі штат бойынша болса, 13 педагог қосымша жүктемеде.  Негізгі штат 57 педагог жоғары санаттылар саны -5, бірінші санатты –1 , екінші санатты -4 педагог, санаты  жоқ – 28 педагог, педагог-зерттеуші -2, педагог-сарапшы-3, педагог-модератор-14 педагог, директордың І санаттағы орынбасары -1 педагог, директордың ІІІ санатты орынбасары – 1 педагог.   

Жалпы мектеп мұғалімдердің біліктілік дәрежесі төмендегідей

диаграммадан байқауға болады.

Штаттық    Қосымша                 жүктеме                                   Біліктілік санаты
Жоғары санатты   Бірінші санатты   Екінші санатты Санаты жоқ/
негізгі қосымша негізгі қосымша негізгі қосымша негізгі қосымша
57 13 5 2 1 0 4 2 28 5
70 7         1        6           33
Штаттық    Қосымша                 жүктеме                                   Біліктілік санаты
Педагог-зерттеуші   Педагог-сарапшы   Педагог-шебер Педагог-модератор
негізгі қосымша негізгі қосымша негізгі қосымша негізгі қосымша
57 13 2 2 3 1  0 0 14 1
70 4         4         0 15

       2023-2024 оқу жылында кезекті  аттестациядан өтуге — 6 педагог тапсырады: Кумисбекова Ж.С., Шарипов Р.Т., Ишанкулов Б.К., Нахаева Ж.Б.,  Сахметова М.Б., Назарова К.Б.

Кадрлардың дайындалуы

(магистрлар жайлы мәлімет)

             Магистр академиялық дәрежесі бар жалпы 11 педагог қызмет етеді.

     негізгі штат бойынша – 11 педагог.

       негізгі                                                                                                                                                   

    1. Жангелді Г.Ж                                                            

   2. Асанова Ұ.С                                                           

  3. Баишева Г.М.

  4. Кабулова. Ғ.Е.                                                                

 5. Ишанкулов Б.К.                                                                 

 6.Дабылова А.Б.                                                                           

7.Жумабаева Г.Д.

8.Жоламанова М.Ж.

9.Дүйсен Н.Ж.

10. Мамутова А.Е.

11.Кырыкбаева К.                                                                          Жалпы  үлесі -16 %.

Оқу жылының жұмыс қорытындысы, нәтижесі (1 жартыжылдық):

   Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру жүйесінде  оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру

    Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.

    Міндеттері:    цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ақпараттық технологияларды,  www.bilimland/kz, www.itest.kz,    www.kitap.kz,    www.twig-bilim.kz сайтының мүмкіндігін пайдалану;

  • білім стандартының, пәндік оқу бағдарламаларының орындалуын қадағалау;
  • педагогтің авторлық бағдарламалармен, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;
  • оқытудың ақпараттық  әдістерін сабақта тиімді пайдалану; сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру;
  • жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;
  • мұғалімдерге білім беру мен тәрбиелеудің ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмектесу;
  • ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту; шығармашылық топтардың   жаңа жүйені енгізу және жетілдірудегі жұмыс бағыттарын бекіту, мұғалімдердің  ғылыми- әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін, шеберлігін дамыту.
  • озық педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру, зерттеу және қорыту, үздік жетістіктерді насихаттау;
  • аттестаттау-диагностикалық міндеттерді жүзеге асыру; мектептің инновациялық жоба жұмысын қолға алу

педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
Әдістемелік кеңес жұмысының негізгі нысандары:
 ұжымдық: пәндік, тақырыптық әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар; 
топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар; 
жеке: тәлімгерлік, тағылымдама, өз бетімен білім алу. 

Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқынлаушы және таратушы.

Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың білім сапасын көтеру;
• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру

    Жыл бойы педагогтер шығармашылық жетістіктерге жету, әдістемелік мақалалар жазу және өз іс-тәжірибесімен бөлісу бағытында да көптеген қызметтер жасады:

Басылым атауы Мерзімі Тақырыбы Мұғалімнің аты-жөні
1.  «Астана ақшамы» газеті №81, 12.07.2023ж. «Қолында -қобызы» Ахмедова А.К. Аспаптар бөлімінің педагогі
2.  «Астана ақшамы» газеті №82, 12.07.2023ж. «Ән қанатында» Оразбаева Р.А. вокал  бөлімінің педагогі
3.  «Астана ақшамы» газеті №89, 12.07.2023ж. «Өрендерді өнерге баулыды» Жумабаева Г.Д. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4. «Білім айнасы» журналы №20, 2023 ж «Аңыз адамды ардақтау-ұлттық құндылықтарды ұлықтау» Жолдыбекова А.Т. Аспаптар бөлімінің педагогі
5. «Елордалық  білім» газеті №10. 30.10.2023 ж «Өрендердің өнерін өрге жүздіру үшін» Асанова Ұ.С. Театр бөлімінің педагогі
6. «Астана ақшамы» газеті №146 09.12.2023 ж «Өнері өзге жүзген..» Асанова Ұ.С. Театр бөлімінің педагогі

2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдығында  бекітілген жоспар негізінде  әдістемелік кеңес және бөлімдер бойынша апталықтар өз кесте бойынша өткізіліп отырылды.  Педагогтардың кәсіби шеберлігін, құзырлығын дамытып,   ұжымның шығармашылық потенциалын көтеру мақсатында, «IT технологияларды балаларға қосымша музыкалық білімге кіріктіру», «Педагогикалық әдеп қағидалары», «Сыр-сұхбат» семинар-практикум, «Балалықтан даналыққа» атты тақырыпта  әдістемелік кеңес  өтті.

        2023-2024 оқу жылында әр тоқсанның арасындағы каникул мерзімінде мектеп педагогтері бөлім бойынша,  мектеп бойынша семинар практикумдар  өткізді.

№ 2 өнер мектебінің 2023 жылдың 30 қазан-03 қараша аралығында өткізген іс-шаралары (І тоқсан)

Р/с Педагогтің аты-жөні    Тақырыбы
Мерзімі, өтетін орны Қатысушылар
1 Жолдыбекова А.Т.   «Қосымша музыкалық білімнің заманауи педагогикалық технологиялары» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу) 31.10.2023 ж сағ.11.00 «Арт-Тұмар» орталығы «Арт-Тұмар»  қоллданбалы-сәндік өнер орталығының педагогтері  
2 Жоламанова М.Ж   «Кескіндемені оқытудағы педагогикалық шеберлік: дәстүрлі емес техникадағы лайфхактар» (практикалық семинар) 02.11.2023 ж сағ.10.00  216 кабинет «Көркемөнер және киімді көркемдеп үлгілеу» бөлімінің мұғалімдері
3 Зәкәрия Д.Д. «Заманауи операторлық өнердің оқу тәсілдері» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу 01.11.2023 ж сағ.10.00  223 кабинет «Театр, хореография» бөлімінің мұғалімдері
4 Оразбаева Р.А.   «Білім алушылардың вокалдық –сахналық дағдыларын қалыптастыру» (әдістемелік баяндама) 02.11.2023 ж сағ.11.00  227 кабинет «Музыка бөлімінің вокал сыныбы» бөлімінің мұғалімдері
5 Усенова Д.   «Вокалдық сыныптағы концертмейстер шығармашылығының ерекшеліктері» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу) 02.11.2023 ж сағ.11.00   211 кабинет «Музыка бөлімінің фортепиано, скрипка сыныбы» бөлімінің мұғалімдері
6 Егдір Қ.М. «Қосымша білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудың әдістері» (практикалық семинар) 03.11.2023 ж сағ.10.00   223 кабинет «Театр, хореография» бөлімінің мұғалімдері
7 Мейірхан Н.К.   «Балаларға қосымша білім берудегі STEAM-технологияларының мүмкіндіктері мен болашағы» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу 03.11.2023 ж сағ.11.00  202 кабинет «Музыка бөлімінің вокал сыныбы» бөлімінің мұғалімдері
8 Батырова А.   «Фортепианоны бастауыш сынып оқушыларына үйрету жолдары» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу) 03.11.2023 ж сағ.11.00   202 кабинет «Музыка бөлімінің фортепиано, скрипка сыныбы» бөлімінің мұғалімдері
9 Омарова  М.С.   «Развивающее обучение на уроках фортепиано» (семинар) 03.11.2023 ж сағ.10.00   202 кабинет «Музыка бөлімінің фортепиано, скрипка сыныбы» бөлімінің мұғалімдері
10 Жеңіс А.   «Этносольфеджионы оқыту әдістемесі» (курстан кейінгі тәжірибемен бөлісу) 03.11.2023 ж сағ.12.00   202 кабинет «Музыка бөлімінің фортепиано, скрипка сыныбы» бөлімінің мұғалімдері

      2023 жылдың 16 тамызында Астана қаласы әкімдігінің №2 өнер мектебіне «Өнер — өмір өрнегі» халықаралық жоба аясында Якутск қаласы, Саха Республикасы (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі Геомәдени даму институтының жетекші әдіскері Бережнова Анжелика Николаевна жол сапарымен келді.

   Негізінен бұл жоба 2023 жылдың 21 сәуіріндетелекөпір ретінде екі мемлекет арасында өткен болатын, сол себепті бүгінгі іс-шара сол жобаның сабақтастығы десек болады.

      Іс сапардың мақсаты: №2 өнер мектебімен жақынырақ танысу, оқушылардың өнерін тамашалау, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, қазақ халқының ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Үшсағаттың ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен №2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, мектептің тұрмыс тіршілігімен таныстырды.

    Іс-шара барысында Анжелика Николаевнамузыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан — Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз қозғады, оқушылар мен мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. 

   2023 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласының №2 өнер мектебінің оқушыларымен тәлімді адамдармен кездесіп, тәрбиесін танытар «Сыр-сұхбат» кеші өтті.

     Кештің қадірлі қонағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, айтыскер ағамыз Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы оқушылармен кездесуде ақындық өнердің қыр-сырларын ұғындырды, оқушылардың  сұрағына жауап берді.Кеш барысында мектебіміздің өнерлі өрендерінің жыр шумақтарын, ақындар айтысын тамашалады.

Кештің мақсаты: поэзияны сүйіп оқитын оқушылар  санын арттыру, қазақ халқының төл өнері айтыстың өміршеңдігін  түсіндіру.

      20 қазан күні мектепішілік «Қорқыт ата ізімен»  тақырыбында  шеберлік сыныбы өтті.  Шеберлік сыныпқа Халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Алмат Сайжан  қатысып, қобыз аспабында шығармаларды орындаудың ерекшеліктері мен орындалу техникасы туралы түсініктеме берді.

    20 қараша күні мектепішілік «Қобыз өнерінің актуалды сұрақтары: қобыз позициялары және аппликатура принциптері» шеберлік сыныбы өтті.  Шеберлік сыныпқа Халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнеруниверситетінің аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Алмат Сайжан — Қазақ ұлттық өнер университетінің өнерлі студенттерімен келіп қобыз аспабының  орындалу техникасы туралы  сөз етті.

1 жартыжылдықта кәсіби шеберлік конкурстар мен байқауларға қатысқан педагогтер тізімі

Жұмыс мазмұны Қатысушы Нәтижесі
1. Республикалық «Менің педагогикалық қоржыным» байқауы «Әдістемелік ұсыным» номинациясы бойынша Нахаева Ж.Б. – 3 орын Бияжанова А.С. – 3 орын  
2 Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы     Нахаева Ж.Б. 3- орын  
3. Қалалық «Жүрегімнің жылуы балаларға» байқауы Кумисбекова Ж.С. 1-орын
4 Республикалық «Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту – бүгінгі күннің талабы» онлайн семинар   Майданова К.К.
5          Республикалық шеберлік сыныбы «Дәстүрлі ән өнерінің әртүрлі жанрда орындалу ерекшеліктері»     Жакешева З.
6 Республикалық шеберлік сыныбы «Ақан серінің «Ләйлім» шығармасы негізінде вариациамен жұмыс» Нахаева Ж.Б.
7 Қалалық «Ұлы дала бояулары» байқау Жәйірбек Қ.

Педагогтер  құрамының кәсіби біліктілігін жоғарлатуы.

Курс (деңгейі) Тақырыбы Мерзімі Сағат саны Сертификат саны
Республикалық РУМЦДО  Қазақ халық аспаптар сыныбы педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру 18.09.2023-29.09.2023     80 с. 2
Республикалық РУМЦДО  «Дебаттар: бұқаралық пікірсайыс жүргізу теориясы мен тәжірибесі негіздері»   18.09.2023-29.09.2023     80 с. 1
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Мектеп жасындағы балаларға театр өнерін оқыту әдістемесі»   18.09.2023-29.09.2023     80 с. 1
Республикалық РУМЦДО  «Білім алушылардың қазақ халық аспаптары оркестрінде (ансамблінде) ұжымдық музыка ойнау дағдыларын дамыту» 02.10.2023-13.10.2023   80 с. 2
Барлығы   6

           №2 Өнер мектебі қызметкерлерінің арасында 3 жылда 1 рет біліктілікті арттыру курстарынан өтпеген педагогтер – жоқ.

 Оқу-әдістемелік кеңес мақұлдаған әзірленген бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің, әдістемелік құралдардың саны — 1.

Оқу жылы Тақырыбы Өту орны, деңгейі ҚҰЖАТ
2022-2023 ж. (ұсынылды) «Қарлығаш» жас қобызшылар ансамбліне арналған шығармалар жинағы Кумисбекова Ж.С.     «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК, қалалық деңгей №3 хаттамаға сәйкес 06.09.2023 ж. бекітілді