Top
a

Апрель 2022

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мектебіміздің өнерлі оқушылары арнайы барып, мерекелік көңіл күй сыйлап, концерт ұйымдастырды. Оқушылар ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Концерт тамашалаған ата- аналар орталық ұжымына ақ тілектерін айтып, алғыстарын жеткізді.

ДОСТАР СҮЙІНШІ! Мектебіміздің «Көркемсурет» бөлімінің мұғалімі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Қайрат Жәйірбек ҚР Көркем Академиясы тарапынан «ҰЛЫ ЕЛДІҢ ТАРАНДЫСЫ» медалімен және дипломымен марапатталды. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Qazaqstan телеарнасында өтіп жатқан «ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ» халықаралық байқауына мектебіміздің Эстрадалық–вокал сыныптарының оқушылары Омар Ерсұлтан мен Тілеубек Айгерім қатысып, «Көрмей тыңдау» кезеңдерінен өтті. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Драмалық  театр номинациясы Кіші топ: 8-11 жас Алтын медаль: №86мг- «Мен жастарға сенемін», жетекші: Мавленбердиев Ерхан Кайратович; Күміс медаль: №4мг- «Алтын балапан», жетекшісі: Тілеукенов Ербол Есенович; Қола медаль :№85мл-  «Ұр тоқпақ» ертегісі, жетекшісі: Жетпысбаева Назым Базылбековна; Қола медаль : №19ом – «Үй таңдаған лақ» ертегісі, жетекшісі: Тілеукенов Ербол Есенович;  Дипломдармен марапатталады: 1. №20ом- «Менің атым-Қожа», жетекшісі: Сулейменова Мерген Амантаевна, Айтмағанбетова Айзада Мәдениетовна; 2. №56мл - «Менің атым-Қожа», жетекшісі: Бикетова Назгуль Шамшиоллаевна; Драмалық  театр номинациясы Орта топ: 12-14 жас Алтын медаль: №6мг- «Послушайте детей», жетекші: Хомко Данил Михайлович; Күміс медаль: № 68мг  - «Алтын балапан», жетекшісі: Кайроллаев Нурсултан Куанышевич; Қола медаль: №52мг- «Індетті жеңген достық», жетекшісі: Кайырбекова Гульнара Абдихаликовна; Қола медаль: №80 мг-

Ағымдағы жылдың 15 наурызы күні  № 1 Өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Қазақтың 100 әні»  байқауына  мектебіміздің жұлдыздары  «Айналайын» балалар хоры  қатысып,   І  орынға ие болды. Жетекші: Г.Жангелді. Шын жүректен құттықтаймыз!