Top
a

2-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 6

Сабақ № 6

Тақырыбы: «Қуыршақ театры»

2010 жылы желтоқсан айының 29 жұлдызында қала әкімінің қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК-ның  ашылуы, Елордамыздың мәдени–рухани өміріндегі есте қалар елеулі оқиғалардың бірі болды.      
Қазіргі таңда театрды  Мәдениет ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» ордені мен  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері Хасанғалиева Тоғжан Ескендірқызы басқарып отыр.        
Ал, театрдың көркемдік жетекшісі қызметін  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендері мен «Еңбек ардагері», «Ерең еңбегі үшін»,»Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарының иегері, профессор Ешмұратова Құралай Халекетқызы атқарып келеді.       
Театрдың қоюшы-режиссері- 2011 жылдың «Үздік актрисасы» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері Салаева Айжан Кәрібайқызы.     
«Қуыршақ театрының» шығармашылық ұжымы аз уақыт ішінде бірнеше жетістіктерге ие болды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» репертуары көне аңыз-ертегілермен қатар шет елдік және төл заманауи туындыларды жаңғыртумен толығып келеді.

Мысалы, Қ. Ешмұратованың «Махаббат туралы аңыз», М. Тойбаевтың  «Сиқырлы сөздер», А. Салаеваның «Менің салған суретім», «Мен сияқты жаса», «Байқа жолда балақай», С. Жүнісовтің «Атамекен», Жапон халық ертегісі «Жаңғырық туралы ертегі»,Т. Хасанғалиеваның «Орманда болған оқиға», «Ана құдіреті», Қазақ халық ертегісі «Қаңбақ шал», Е. Жуасбектің «О, тоба», И.Миччи, Дж. Робертс, Л. Вульвертонның «Арыстан патша»,   

З. Сагалов пен Л. Жадановтың «Сарбаздың бақырашы», Г. Х. Андерсеннің «Қайта оралған Су перісі»,Х. Юрковскийдің «Сен ол мен», Н. Шуваловтың «Ағайынды гномдар», Қ. Ежембековтың «Жалқаудың айласы», «Ер Төстік», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларын және т.б қойылымдарды айтуға болады.  

Тапсырма: Театр жүлделері, актерлік құрамы туралы зертте

Театр парақшасы:@Teartkukolnursultan

Театрдың ютуб парақшасынан:Teatr Kukol NUR-SULTAN театр қойылымдарын қарап шық