Top
a

2-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 5

Сабақ № 5

Тақырыбы:  Астана Жастар театры

Астана Жастар театры — 2007 жылдың 5- шілдеде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Өнер ордасы өз шымылдығын Шыңғыс Айтматов пен Әбіш Кекілбайұлынің «Шыңғысхан» спектаклімен ашыты. Спектаклдің қоюшы — режиссері Нұрқанат Жақыпбай, инсценировка авторы – Жаныш Құлмамбетов болды.

Театрдың алғашқы директоры- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов.

Театр актерлерінің 95 пайызы — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Қазақстан білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасында тәрбиеленген шәкірттер. Театрдың іргесін қалап, өнердің үлкен даңғылына шыққан бір топ талапкер — Ернар Жұматаев, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Жандәулет Батай, Айнұр Рахипова, Азамат Есқұлов бастаған қыз-жігіттер жасампаз театрдың негізін қалаушылар, жас та болса ұжымның аға буыны саналады.

2015 жылдың 1 наурызында театр жаңа ғимаратқа ие болды. Жастар театры Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.

Театр басшылары: 2007 жылдан театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нұрқанат Жақыпбай.

2007 — 2013 жылдары театр директоры — актер, жастар одағы сыйлығының лауреаты Ғани Құлжанов.

2013 — 2016 жылдары театр директоры — Айболат Жанғалиұлы Сексенбаев.

2016 жылдан бастап театр директоры — актер, Ернар Құрбанбекұлы Жұматаев.

Тапсырма: Театр репертуары, актерлік құрамы, жетістіктерін зертте
Театр парақшасы:  @Zhastar_teatry
Театрдың сайты: zhastar-theatre.kz қойылымдарын қарап шық