Top
a

2 сынып. Бейнелеу өнері тарихы Сабақ №6

Сабақ №6

Тақырыбы:ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы жаңа бағыттарға

қысқаша сипаттама

19 ғ-да француз бейнелеу өнерінде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды: Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега шығармаларын атауға болады. ХІХ ғ-дың аяғы мен ХХ ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, бейнелеу өнерінің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. ХХ ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910—13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.

Үй тапсырмасы: Импрессионист-суретшілердің шығармаларына шолу, мәлімет жаз.