Top
a

1-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 1, 2, 3

Сабақ № 1, 2, 3

Тақырыбы:  «Но»  және «Кабуки театры»

Жапон театрының өнері жайлы сөз басталғанда жапондықтар Амэно-Удзумэ Құдай туралы ежелгі аңызды естеріне түсіреді. Аңызда Күн Құдайы Аматэрасу ағасы — Жел Құдайы Сусаномен ренжісіп калып, Әлемді Күн нұрынан айырып, аспан үңгіріне тығылып қалады. Кеңеске жиналған Құдайлар Аматэрасуды үңгірден қалай шығаруды білмей бастарын қатырып тұрғанда, өзінің көріксіз, жаман түрімен атақты Амэно-Удзумэ Құдайы үңгір алдында билей бастайды. Оның кисынсыз биін көрген Құдайлар қарқылдап күледі. Күлкіні естіген Аматэрасу қызығып, үңгірден шыға келгенде, жер беті кайта Күн нұрына бөленеді. Осы үңгір алдында билеген Амэно-Удзумэнің биімен Жапонияның ұлттық театрының дүниеге келуін байланыстырады

Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII—VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ.) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды.

Бугаку деп аталатын музыкалы би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізілетін салтқа айналдырды.

Сингаку XI ғасырда комедиялық пантомима, ән-би, акробатика, қуыршақ ойындары төрізді халық өнерінің түрлерін қамтитын сарагакуге ұласты.

XII ғасырдың басында бугаку өнері қүлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған энгаку мен сарагаку басты. Бугакудың кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Сарагаку сауығы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды. Акробатика, клоунада, жонглерлік өнер, аяққа ағаш байлап жүру,фокус, бір аяқпен билеу, арқан үстінде жүру сияқты өнерлерден құралған сарагаку койылымдарын қайыршы актерлер ауылдарда, жолдарда көрсеткен.

Сарагаку актерлері ойлап тапқан жаңа пьесалар «Но» деген атпен белгілі болды. Соның негізінде XIV ғасырда театрдың жаңа бір түрі — Но театры дүниеге келді. «Но» сөзі «шеберлік» дегенді білдіреді және бұл әбден театрдың атына сай келеді. Өйткені ол, сарагаку шеберлері жеткен барлық кереметін өзіне сіңірген өнерді, алдыңғы ғасырларда жасалған әдебиет дәстүрімен үйлестірді. Но театрының пьесалары ёкёку (ән айтуға арналған пьеса) деп аталады.

Кабуки театры XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырда шырқау биікке көтерілді. Кабуки театрында музыка, би және драмалық элементтері біртұтас болып келді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры Но театрының биін, кёгеннің көркем сөз өнерін және дзёруридің драмалық формалары мен музыкалық негізін пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау — гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки театрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды.

Тапсырмасы:    Жапония театрының  терминдерін дәптерге жазып алып, жатта.

Мысалы:   Күн Құдайы- Аматэрасу;

                  Жел Құдайы- Сусаномен;

                 «Бугаку» музыкалық би сауығы

                 «Но» сөзі «шеберлік» дегенді білдіреді

                 «Гидаю» —  жырау   деген мағынаны білдіреді