Top
a

Ұстазымыз «Ұлы дала бояулары» көрмесі аясында өткен байқаудан I орын алды

2023 жылдың 29 қараша күні Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастыруымен Астана қаласының оқытушы-суретшілерінің шығармашылық жұмыстарының қалалық «Ұлы дала бояулары» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында орналасқан бұл көрмеге алдын-ала шығармашылық туындыларын жіберіп, жүлделі орындар алған педагог-суретшілердің жұмыстары жинақталған.

Байқау қорытындысы бойынша №2 өнер мектебінің көркемсурет пәнінің педагогі Жәйірбек Қайрат 1 дәрежелі дипломға ие болды.

Әріптесімізге шығармашылық табыстар, шеберлік өнерінің биік белестерден көрінуін тілейміз!