Top
a

«Ғасырлар пернесі» атты домбырашылар байқауы өтті

Оқушыларымыздың арасында мектепішілік «Ғасырлар пернесі» атты домбырашылар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

— Оқушыларды күй өнерімен таныстыра отырып, күйдің құдіретін терең түсінуге, ұлттық құндылықтарымызды сыйлауға тәрбиелеу;

— Талантты оқушыларды анықтау, олардың орындау шеберлігін арттыру, жас өнерпаздардың сахналық мәдениетің қалыптастыру және репертуарын озық туындылармен толықтыру;

— Ұлттық өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы өнерпаздардың бойында Отанын, елін сүйюге, тарихын білуге, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Байқауды ұйымдастырған Музыка бөлімінің домбыра сыныбы мұғалімдері Нұрхан Айжарыков, Жеңісгүл Ахметова, Қайрат Дарибаев. 

Байқауға 30 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. 

Қазылар алқасының шешімімен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.