Top
a

«Шуақты көктем» суретшілер байқауы жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі қашықтықта өткізілетін «Шуақты көктем» атты сурет байқауын жариялайды.

Ұйымдастырушылар:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр — сырын жан — жақты үйрету. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ:

Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 25 сәуір аралығында

Қорытындылау: 2020 жылдың 30 сәуір 

Байқауға  9-16 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізіледі;

  1. 1 орта топ 9-12 жас
  2. 2 жоғары топ 13-16 жас

Оқушыларға қойылатын талаптар:

   —  Байқауға А3 формат бетіне түсірілген суреттер қабылданады;

   —  Сурет салу техникасы әр-түрлі.

Байқауға қатысушылардың электронды өтініштері мен суреттердің фотосы  2020 жылдың 25 сәуіріне дейін oner_mektebi_2@mail.ru почтасына қабылданады;