Top
a

«Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы» атты тәрбие сағаты өтті

Бүгін хореография сыныптарының оқушыларымен «Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы» атты тәрбие сағаты өтті. 

Өткізген Аружан Нурмашева.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Шара Жиенқұлова туралы білімдерін кеңейту, бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастыру, Ш.Жиенқұлованың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі туралы мәлімет беру, оқушылардың алған білімін тиянақтау. 

Іс-шара барысында Шара апамыздың «Былқылдақ», «Айжан қыз» билерінен үзінділер көрсетіліп, оқушылар би қимылдарын бірге жасап, өүйренді. Видеороликтер көрсетілді.

Қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара.

Орыс мектебінде білім алып, сонда жүріп би өнерімен танысқан. Ол алғаш рет сахнаға жайлауда 13 жасында шыққан.

1934 жылы жаңа Қазақ мемлекеттік музыка театрының шымылдығы түрілді, Шара Жиенқұлова сонда Әуезовтің «Айман – Шолпан» спектаклінде «Келіншек» деген қазақтың ұлттық биін тұңғыш рет алып шықты. Оны ойлап тапқан да, орындаған да Жиенқұлованың өзі, бұл қазақ хореографиясының бастамасы болды.